Алматыда қалың қар жауды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың қар жауды Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда қалың қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 желтоқсанда сағат 22:30-да Алматыда басталған жауын-шашын түн жарымда қалың қарға ұласты. 10 желтоқсанда сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қалада қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жеткен.

©️ Tengrinews.kz

Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, бұл - айлық норманың жартысына жуығы.

©️ Tengrinews.kz

Ведомство дерегіне сүйенсек, қар күреу жұмыстарына 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада жұмылдырылған. Қала жолдарына 1 000-нан аса арнайы техника шыққан, 22 полиция экипажы, 10 эвакуатор тартылған. Қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған.

Болжамға сүйенсек, циклон өткеннен кейін, яғни 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура -13…-15°С-қа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети