Халықаралық Қамқоршылар күні аясында Алмалы ауданы әкімінің аппараты аудандық білім бөлімімен бірлесіп ағымдағы жылдың 28 қазан күні сағат 11.00-де Silk Way City сауда орталығындағы кинотеатрында мерекелік іс шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақсұңқар Әбілтаеваға сілтеме жасап. Мереке бағдарламасында: "Синдбад. Жеті дауыл қарақшылары" мульфильмі тұсау кесері өтті.

Аталмыш іс-шара қамқоршыларға құрмет көрсету, мемлекетімізде әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленетін балалардың санын азайту, оларға мейірімділік танытуға қол ұшын беру мақсатында ұйымдастырылды.
2015 жылы Астана қаласында "Балаға мейірімді қала" бастамасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен отырысында Алмалы ауданы әкімі аппараты "Балаларға мейірімді аудан" атағына ие болды.
Алмалы ауданында жетім балалар - 49 бала, қамқорлықсыз қалғаны - 68 бала. Патронаттық тәрбиелеуге 4 бала қамтылған.
2011 жылдан бастап барлық қамқоршылар мен тәрбиешілерге 10 АЕК мөлшерінде балаларды асырауға ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы төлемі жүзеге асырылуда, бұл шара жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге отбасылық тәрбие түрін қолдауға бағытталған әрі қарайғы бастамалар үшін тағы бір маңызды түрткі болып отыр.
Балалардың аталған санаты мемлекет тарапынан барлық мүмкін қолдауға ие болуда: жалпыға міндетті оқу қорынан көмек алады, тегін ыстық тамақпен қамтылған, қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады, Президенттік шырша мен аудан әкімінің шыршасына, сондай-ақ, түрлі қайырымдылық шараларына қатысады.
"Қамқоршылар күні" мерекесін өткізу - бұл мақсаты бала мен қайғының өзгесі жоқ дегенді ұстанатын адамдарды ынталандыру мен құрметтеу болып табылатын қайырымдылық шарасы. Аталған шара қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың проблемасына бүкіл қоғамның назарын аударту үшін тағы бір қозғаушы күш болып табылады.