Алматыда қандай сауда орталықтарында вакцина салдыруға болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қандай сауда орталықтарында вакцина салдыруға болатыны айтылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали Алматыдағы қай сауда орталықтарында вакцинация пункттері болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали Алматыдағы қай сауда орталықтарында вакцинация пункттері болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лаура Мырзағали егу пункттері 31 сауда орталығында ашылатынын айтты.

"Алатау ауданында "Бакорда" сауда орталығында вакцинация пунктін ашуды қарастырып жатырмыз. Әуезов ауданында - "Спутник", Grand park, Moskva Metropolitan, Asia Park Almaty, Almaty mall. Бостандық ауданында - "АДК", "Алматы Мега Орталығы", Esentai Almaty, Forum, Atakent mall.

Жетісу ауданында - Maxima, "Мерей", "Адем". Медеу ауданында - Dostyk Plaza, "ГУМ". Түрксіб ауданында - "Март", - деді Лаура Мырзағали.

Айта кетейік, 25 наурызда Алматылықтар сауда орталықтары мен базарларда вакцина салдыра алатыны хабарланған болатын. Кейін 250 егу орталығы ашылатыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети