08 ақпан 2022 09:26

Алматыда қанша азық-түлік өндіруші жұмысын тоқтатты?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік басқармасы тамақ өнімдерін өндіру саласында қанша кәсіпорын жұмысын тоқтатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік басқармасы тамақ өнімдерін өндіру саласында қанша кәсіпорын жұмысын тоқтатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылы Алматыда азық-түлік өнімдерінің жалпы көлемі 263 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, бір жыл ішінде өнім көлемі 23 миллиардқа өсті, 2020 жылы ол 239 миллиард теңгені, 2019 жылы 226 миллиард теңгені құрады.

Қала өнеркәсібіндегі саланың үлесі 19 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда қалада тамақ өнеркәсібінде 876 кәсіпорын тіркелсе, оның 60 пайызы ғана қалада жұмыс істейді.

Қалған 41 пайыздың жартысы азық-түлік кәсіпорны ретінде тіркелгенімен, өз ерекшеліктеріне сай жұмыс істемейді. Олар қайта тіркелуі керек. Тағы 10 пайызы жойылуға шақ тұр. Қалған 40 пайызы Алматы қаласында тіркелгенімен, өндіріс басқа өңірлерде орналасқан.

Алматыда тамақ өнеркәсібі бойынша тоқтап тұрған кәсіпорын жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети