Алматыда қазір 148 тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Қала құрылысын бақылау басқармасы (ҚҚБ) жауап берді.
Ведомство мәліметінше, бұл ақпарат биылғы 1 шілдеге қатысты. Әл-Фараби даңғылынан жоғары бірден 25 ТҮК салынып жатыр.
"Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіру жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.
E-License электрон порталы арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларға сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында 148 тұрғын үй кешені салынып жатыр, оның ішінде 18-і Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында және Медеу ауданында - 7", - деді басқарма өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!