19 ақпан 2021 14:37

Алматыда қанша медицина қызметкері вакцина салдырудан бас тартты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали 1 ақпаннан бергі "Спутник V" вакцинасының аралық қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали 1 ақпаннан бергі "Спутник V" вакцинасының аралық қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лаура Мырзағалидің сөзінше, Алматыда "Спутник V" вакцинасы 1 715 адамға салынған. Келесі аптадан екінші компонентті салу басталады. 

"Бірінші кезеңде тек медицина қызметкерлеріне салынды. Ол жұқпалы аурулар ауруханасында, реанимация бөлімдерінде, фильтр, тіркеуде жұмыс істейтіндер мен СЭС қызметкерлері. Медициналық көрсеткіштер бойынша 55 адамға вакцина салынбады, ал 3 адам вакцинациядан бас тартты. Вакцинаны сақтау қоймасына алу процесі, оны медициналық ұйымдарға тасымалдау және вакцинаны қою процесі қосымша қадағаланады", - деді Лаура Мырзағали. 

Оның айтуынша, вакцинация еркін түрде жүргізіледі. 

"Үш адам қорқатындықтан бас тартқан жоқ. Қазақстанда вакцинация еркін түрде жүргізіледі. Егер адам дайын болмаса, оның вакцинациядан бас тарту құқығы бар", - деді Лаура Мырзағали. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети