Алматыда қант бағасына қатысты алыпсатарлық әрекет анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қант бағасына қатысты алыпсатарлық әрекет анықталды Фото: elements.envato.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта нарық субъектілерінің үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілер атына сұрау салу жіберілген. Монополияға қарсы талқылау қорытындысы бойынша, тиісті шаралары қабылданады.

"Монополияға қарсы департамент дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5 пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауары, соның ішінде қант тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Бұл сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық әрекеттердің туындауына алып келді. Осыған қатысты Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі дүрбелеңге ермеуге шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети