Алматыда қар жауып, тұман түседі: жүргізушілерге ескерту жасалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қар жауып, тұман түседі: жүргізушілерге ескерту жасалды Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазгидромет 8-10 желтоқсанда Алматыда жаңбыр мен қар, тұман және жел күшейеді деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 8-10 желтоқсанда Алматыда жаңбыр мен қар, тұман және жел күшейеді деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, 10 желтоқсанға қараған түні кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Қалада – 6–9 см, таулы аймақтарда – 15-20 см. 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура –13…–15°C-қа дейін төмендейді.

Бұл ретте коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Жүргізушілер, механизаторлар және жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылған.

"Қалалық құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді дайындады. ТЖД – 53 техника және 244 қызметкер дайындаған. Әкімдік, аудан әкімдіктері, "Алматы Тазалық" және мердігер ұйымдарда жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауар алдында магистральдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі", - делінген хабарламада.

Тұрғындарға ұсыныс:

  • жүргізушілерге – көлік дөңгелегін қысқы шиналарға ауысу, жылдамдықты төмендету және шұғыл бұрылмау;
  • тәжірибесі аз жүргізушілерге – мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану;
  • жүргіншілерге – тайғақ тротуарда сақ болып, шатырдан қар түсу қаупіне байланысты ғимараттарға тым жақын жүрмеу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети