15 сәуір 2015 | 11:05

Алматыда Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек әзірленіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Istina.com.ua ©Istina.com.ua

Алматыда Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне акцияның ұйымдастырушысы Дина Сабирова айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне акцияның ұйымдастырушысы Дина Сабирова айтып берді.

Гуманитарлық көмек жинау 15-19 сәуір аралығында сағат 14.00-ден 20.00-ге дейін "Арман" кионотеатрының залында (Достық 104) болады. Көмек ретінде консервіленген, кептірілген тағамдар, тұз, қант, крекерлер, бір реттік қолданыстағы ыдыстар, киімдер және қораптар қабылданады.

Айта кетейік, гуманитарлық көмек Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарға автокөлік арқылы жөнелтіледі. Алматыдағы акцияның ұйымдастырушысы Сабированың айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккен ауылдардағы тұрғындармен тікелей байланыс бар. Әлеуметтік желілерде акция бірнеше аймақта ұйымдастырылып жатыр. Ол туралы ақпаратты #sos_karaganda немесе #helpkaraganda хэштегтері арқылы іздеп табуға болады.

Еске сала кетейік, 23 мен 29 наурыз аралығында Қарағанды облысының төрт ауданын су басты. Тасқынның екінші толқыны 6 сәуірде басталды. Уәкілтті органдардың хабарлауынша, 50 елді мекен су астында қалған. Акмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 1149 үй көшірілді. Нұра өзені бойында орналасқан Ақмола облысындағы он ауыл мен Астананың шетіндегі елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети