Алматыда карантин күшейтіле ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда карантин күшейтіле ме? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсел Қалықовадан тілшілер "қалада коронавирус жұқтырғандар санының 700-ден асуына байланысты Алматыда карантин күшейтіле ме" деп сұрады.

"Егер карантинді күшейту шарасы туралы айтатын болсақ, мәселе жағдай одан әрі нашарласа және инфекциялық стационарларға жатқызу дерегі көбейген кезде қаралады", - деп жауап берді Әсел Қалықова.

Бұған дейін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтылған еді

"Эпидемия басталғаннан бері 9 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтарған 39 655 жағдайы тіркелді, 2021 жылдың наурызында 9 525 жағдай, соңғы тәулікте 717 адам тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш, алдыңғы 7 күндегі 215,2-ге қарағанда R = 1,132", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети