Алматыда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтар 4 394 нысанды тексеріп, 363 құқықбұзушылықты анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Алматыда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтар 4 394 нысанды тексеріп, 363 құқықбұзушылықты анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
"Нәтижесінде 333 хаттама жасалған, оның ішінде 77-сі заңды тұлғаларға, жалпы сомасы 26 541 285 теңге айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде тағу режимін бұзғандары үшін 256 хаттама, 11 288 790 теңге сомасында айыппұл салынған", - делінген хабарламада.
Карантин режимін өрескел бұзушылар бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 33 материал жіберілді, сот шешімімен 10 объектінің қызметі тоқтатылған.
Сонымен қатар, Алатау ауданында "Жақсылық" кафесінде (нысанның қызметі 1 айға тоқтатылды, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды), "Кәуап орталығы" кафесінде (161 АЕК айыппұл салынды), "Шамо" ЖШС бильярд клубында (объектінің қызметі карантиндік режим аяқталғанға дейін тоқтатылды) құқық бұзушылар анықталды.
Алмалы ауданында құқық бұзушылықтар "Финик" мейрамханасында, "Fizika" түнгі клубында, "Boohouse" кафесі, "Пират" кафесі және "Endorphin" кафесінде тіркелді.
Сондай-ақ, Әуезов ауданындағы "Рыба моей мечты" каракоке-бары және "Ejelgi Arman" лото-клубы.
Бостандық ауданында "Sunset" мейрамханасында, "Шмель" кафесі, "Queer" түнгі клубында карантиндік шаралар бұзылған.
Жетісу ауданында: Ниязова Ж.А. компьютерлік клубы (3 айға тоқтатылды, айыппұл 5 АЕК), "Gameclub" ойын клубы, "Ломатик" ойын залы, "SKY SPORT" компютерлік клубы, "ГринККМ" Лото клубы.
Медеу ауданында "Виктория" бинго клубында, тағы да, компьютерлік клубта (қызметін 1 айға тоқтата тұру), "Манана" мейрамханасында, "Пугасов" мейрамханасында, "Бармаглот" барында (қызметін 1 айға тоқтата тұру), "Hookan Dreems" кафе-барында, "Айлина" мейрамханасында, "Небо" барында құқық бұзушылар туралы материалдар жиналды.
Наурызбай ауданында да карантин шаралар бұзылды: "Премьера" кафесі (қызметін 1 айға тоқтата тұру, 100 АЕК айыппұл), "Таужолы" кафесі (қызметін 1 айға тоқтата тұру, 100 АЕК айыппұл) салынды.
Түрксіб ауданында "Қазақстан Жастар Таэквон-до федерациясы" қоғамдық бірлестігі, "БекАр" ойын клубы, "Erbil" мейрамхана-қонақ үй кешдерінде бұзушылықтар тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!