09 қазан 2020 | 12:42

Алматыда карантин сақталуын бақылау күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар жұмысын күшейтті. Бұл туралы Almaty.tv жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар жұмысын күшейтті. Бұл туралы Almaty.tv жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте кәсіпкерлік нысандарының және жеке тұлғалардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте кәсіпкерлік объектілер мен жеке тұлғалардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарды сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтудің ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.

"Эпидемиялық жағдайды талдау соңғы күндері Алматыда короновирус инфекциясын жұқтыру жағдайларын тіркеу санының артуына ықпал ететін бірқатар жағымсыз факторларды көрсетеді. Негізгі себептері – аймақтың көптеген елдерінде эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты КВИ-ды шетелден халықаралық рейстер арқылы әкелу (осыған байланысты Алматы халықаралық әуежайында сан-эпидемиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданып жатыр), қала ішінде-маска тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтықты және қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, базарларда қауіпсіздік шараларын сақтауды әлсірету", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты мониторингтік топтарға келесі міндеттер тапсырылды:

1) кәсіпорындар, мекемелер, сонымен бірге, халыққа қызмет көрсететін ұйымдар үшін белгіленген санитарлық-эпидемиялық талаптардың орындалуына тексеру ұйымдастыру;

2) кәсіпорындар, сауда үйлері, базарлар, әуежай, вокзалдар, қоғамдық көліктер және қаладағы басқа да ұйымдардың, сондай-ақ, халық көп орналасқан аудандарда санитарлық-эпидемиялық нормалардың орындалуына тұрақты мониторингпен қамтамасыз ету;

3) адамдар көп жиналуы мүмкін жерлерде шектеу шараларын ұстану және профилактикалық жұмыстарды жүгізуді жалғастыру, ауру жұқтыру көздерін, вирустың берілу тізбегін анықтау және шектеу, бақылау шараларын қабыдайтын уәкілетті құрылымдарға ақпарат беру.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети