10 наурыз 2021 12:51

Алматыда карантин талабы күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Карантин күшейтіледі Алматыда Карантин күшейтіледі

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.


Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Қалықова Алматының санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы дайындалып жатқанын айтты.

"Кез келген мерекелік іс-шара достар мен таныстардың жаппай араласуын білдіреді. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпиджағдайдың нашарлауына және вирусты жұқтыру қаупінің артуына ықпал етті.

Алдағы мерекелерде, Наурызда, адамдар жаппай серуенге шығады. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтті. Сондықтан бұрынғыша бұл іс-шараларға тыйым салынады", - деді ол.

Әсел Қалықова қалада шектеу шаралары күшейтіліп, қосымша карантин шаралары енгізілетінін айтты.

"Жақын арада бас санитар дәрігердің шектеу шараларын күшейтуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа қаулысына қол қойылады. Құжат дайындалып, қоғам және бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Күн соңына қарай қаулыға қол қойылады", - деді ол.

Эпидемиолог қаулыға 10 наурызда кешке сағат 20.00-21.00 шамасында қол қойылып, жарияланатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети