Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын нығайтуға 2 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай шешім қалалық мәслихат сессиясында қабылданды. Айта кетейік, былтыр осы өзен арнасының бойымен сел жүрген еді.

Кездесу барысында мұндай жұмыстардың Алматыдағы басқа өзендерде де жүргізілетіні хабарланды. "Төтенше жағдайды хабарлауға жұмсалған әр доллар оның салдарын жою кезінде жеті долларды үнемдейді", - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
Еске салайық, былтыр шілдеде Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен, Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басқан болатын. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Айта кетейік, төтенше жағдай болған жерде еріктілер жұмыс істеді. Кейін еріктілердің бірыңғай штабы құрылды. Апаттың салдарын жою үшін күніне 200-ге жуық ерікті жұмыс істеді.