Алматыдағы қарттар үйіндегі жандарға асты еденге, әжетхананың қақпағына қойып береді. Ал қарсылық танытқан қарттарды тыржалаңаш шешіндіріп, еденге жатқызып қояды, - деп хабарлайды Еуразия бірінші телеарнасы.
Алматыдағы қарттар үйіндегі жандарға асты еденге, әжетхананың қақпағына қойып береді. Ал қарсылық танытқан қарттарды тыржалаңаш шешіндіріп, еденге жатқызып қояды, - деп хабарлайды Еуразия бірінші телеарнасы.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Виктория Баженованың осындай мәлімдемесі жұртшылықты да, қала әкімін де елең еткізді. Қала басшысы кеше, 20 ақпанда өзі барып, қарттар үйіндегі жандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Екі тараптың пікірін тыңдаған әкім арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізетінін жеткізді.
"Ешқандай шара қолданбағандықтан мен ғаламтор, Youtube арқылы сізден, Президенттен көмек сұрауға мәжбүр болдым. Видеода асханадағы кемшіліктерден бастап, қызмет көрсетуге дейін барлығы бар. Қарт кісіге асты еденге қойып беріп, оған осылай ыңғайлы екенін айтады", - дейді №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғыны Виктория Бәженова.
Әкім қарттар үйіндегі қариялармен әңгімелесіп, пікірін тыңдады. Бір қызығы, барлығы бірдей осында көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне дән риза екенін жеткізіпті. Үйде көрмеген жақсылықты осында көріп жатырмыз деп қариялар ағынан жарылған. Барлығы Виктория Баженов мен жұмыстан қуылған тіс дәрігеріне Жақсылық Өтеуовке наразы.
"Ішкен құдығыңа түкірме" деген. Егер жаман болса, тұрмасын бұл жерде мысалы жаман дейтіндер. Мен сөйтіп ойлаймын өз басым. Бұл жерде жаман болса, ешкім қарамайтын болса. Құдайға шүкір, бұл жерде дәрігер да бар, анализді де осы жерден келіп алып кетеді. Бұрындары 10 поликлиникаға баратын едік. Жатқан жерімізге азанда әкеліп тастап кетеді, келеді де өдері жинап алып кетеді. Еш жаққа жүгірмейміз. Түсінбеймін мен, наразы адамдарды мен түсінбеймін", - дейді орталық тұрғыны Адасгүл Аққұлова.
Ал әлеуметтік мекеме басшылығы өздеріне шығым түсіргендердің пікірлерімен келіспейді. Айтауларынша, Виктория Баженов 4 жыл ішінде мекеме директорының үстінен 2 мың шағым түсіріпті. Ол жүйкесі сыр бергендіктен бірнеше мәрте ауруханаға жатып шығыпты. Ал тіс дәрігері Жақсылық Өтеуов өз міндетін дұрыс атқармағандықтан жұмыстан қуылған.
"Бұл жерде барлық қызметтерді көрсетеміз, 4 мезгіл тамақ береміз. Мейірбикелер күндіз-түні қарайды. Палата жуушылар өз қызметтерін дұрыс атқарады", - дейді орталық директоры Раиса Сыпабекова.
Тараптардың пікілерін тыңдап шыққан қала әкімі "мұнда барлығы жақсы, барлығы керемет" дегенге аса илана қоймады. Сондықтан арнайы комиссия құрылып, кешенді тексеру жүргізілетінін жеткізді.