Алматыда қазақстандық ғалым, археолог Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қазақстандық ғалым, археолог Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоштасу рәсімі Ғалымдар үйінде өтіп жатыр.
Археологты соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жүрінов, Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, жазушы Олжас Сүлейменов пен Қазақстанның тағы басқа қоғам қайраткерлері келді.
©Tengrinews.kz
Еске сала кетейік, археолог Карл Байпақовтың қайтыс болғаны жайлы 23 қарашада хабарланған болатын. Карл Молдахметұлы Байпақов 1940 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы , профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген.