Алматыда картоп неге қымбаттады? Әкім жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында картоп, сәбіз және қырыққабат тәрізді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында картоп, сәбіз және қырыққабат тәрізді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім қалада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары басталғанын айтты.

"Бұл мәселемен екі жыл бойы айналысып келеміз. Былтыр ірі сауда желілеріне немесе өндірушілерге жеңілдетілген несие беру кезінде айналым схемасын енгіздік, олар бағаны белгілі бір деңгейден көтермеуге міндеттеме алады. Осылайша, азық-түлік бағасының өсуін тежейміз.

Маусымда көкөністерге - картоп, сәбіз, қырыққабат және басқа да өнім түрлеріне (баға өсті - авт.ескерт.). Бұл өнімнің жетіспеушілігінен болды. Бірақ Түркістан облысымен барлық өнім түрін жеткізу және қант бойынша Ақсу зауытымен жұмыс істейміз", - деді әкім.

Сондай-ақ, Сағынтаев Алматыда жұмыртқаға шекті баға белгіленгенін айтты.

"Қазір қырыққабат бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, жұмыртқаға шекті баға белгіленеді. Мен Алматы облысының әкімімен сөйлестім. Егер миллион тонна өнімді тұтынатын болсақ, онда Алматы облысы Алматы қаласын қамтамасыз ету үшін толық жұмыс істей алар еді. Бұл жерде шаруаларға да үлкен қолдау көрсетеміз. Қазір Түркістан және Алматы облыстарымен жұмыс істейміз. Картопты Павлодардан әкелеміз.

Егер келесі маусымаралық кезеңге қарайтын болсақ, онда келісімшарттарды тек Алматы қаласы бойынша 22 миллиард теңгеге жасадық. Бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді. Қаланың барлық базарында әлеуметтік дүкендер ашылды, онда бағалар басқаға қарағанда 20-30 пайызға төмен. Бұл схема тиімділікті көрсетеді, өйткені жақын маңдағы дүкендер де бағаны төмендетуге мәжбүр", - деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro