30 желтоқсан 2020 09:24

Алматыда қаруланған ер адам пәтер иесіне қоқан-лоқы көрсеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының патрульдік полицейі қаруланған адамды ұстады. Ол қолына пышақ алып, пәтер иесіне қоқан-лоқы көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Алматының патрульдік полицейі қаруланған адамды ұстады. Ол қолына пышақ алып, пәтер иесіне қоқан-лоқы көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Түнгі он екі шамасында Великолукская көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, пәтерін жалдаушының пышақпен қорқытып отырғанын айтты. Қарулы адам көшеде болған. Ол полицияның талаптарына жауап берген жоқ.

Ыңғайлы сәтті күткен патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі, полиция аға сержанты Кемелов самбо техникасын қолданып, құқық бұзушыны құлатып, серіктесімен бірге оны ұстады. Құқық бұзушы 1972 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты.

"Оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша квалификацияланған.
Сонымен қатар, құқық бұзушының көші-қон заңнамасын бұзып, ел аумағында жүргені анықталды. Өзбекстан азаматы ұсталды", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети