Алматыда қашан күн жылиды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қашан күн жылиды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Алматы мен Астанада 1-3 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет Алматы мен Астанада 1-3 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы

1 сәуір: күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5°C, күндіз 15-17°C жылы.

2 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6°C, күндіз 15-17°C жылы.

3 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7°C, күндіз 20-22°C жылы.

Астанадағы ауа райы болжамы

1 сәуір: күн құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, қар жауады, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз 8-10°C жылы.

2 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C аяз, күндіз 12-14°C жылы.

3 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C жылы, күндіз 16-18°C жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети