Алматыда қашан күн суытады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қашан күн суытады? © Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" өкілдері Алматыда қаңтар айының соңына дейін және ақпанда ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" өкілдері Алматыда қаңтар айының соңына дейін және ақпанда ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәлімтеінше, 27-28 қаңтарда Алматыда күн суытады.

"Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде ауа температурасы 0, -5 градус, күндіз +5+10 градус болады.

Бірақ аптаның ортасынан бастап 27-28 қаңтарда жауын-шашын болжанады - жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, секундына 2-7 метр жел. Ауа температурасы түнде -10-15 градусқа дейін, күндіз-2-7 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Қаңтардың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -10-15 градустан 0 -5 градусқа дейін, күндіз-2-7-ден +3+8 градусқа дейін өзгеруі болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, ақпанға арналған консультатив ауа райы болжамына қарағанда, Алматыда жауын-шашын жиі болады - бір ай бойы жаңбыр мен қар жауады, түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады. Айдың басында және үшінші онкүндіктің басында жылы ауа массаларын шығара отырып, ауа температурасы түнде 0, -8 дейін, күндіз +3+8 градусқа дейін көтерілуі болжанады. Айдың ортасында және соңында ауа температурасы түнде-11-16 градусқа дейін, күндіз-5-10 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети