Алматыда қашан локдаун жарияланады? Бекшин жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қашан локдаун жарияланады? Бекшин жауап берді Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қала толығымен карантинге жабылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қала толығымен карантинге жабылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қолданыстағы карантин шараларын еске салды. Демалыс күндері қоғамдық көліктің, базарлар мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы шектелгенін айтты.

"Біз Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген өлшемдерге сәйкес жұмыс істейміз. Оларды қолданамыз, күшейте аламыз, бірақ бұл шараларды жеңілдетуге болмайды. Статистика бойынша тиімділік бар. Шектеу шараларын жалғастыру қажет", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол Алматы қандай жағдайда карантинге жабылып, локдаун жариялауы мүмкін екенін айтты.

"Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 500 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Бұған жол беруге болмайды.

Күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Шараларды уақтылы қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу. Әлі кеш емес", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети