Алматыда кәсіпкерлерді бопсалап жүрген "Айшуақ-Жантүгел" ҰҚТ мүшелері ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Polisia.kz Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың криминалдық қызметі туралы дәлелдемелерді жинау арқылы қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелерін қоғамнан оқшаулау жөнінде кешенді шаралар қабылданып жатыр. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 дерек анықталып тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды.

7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматыда құрамында белгілі "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ, басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық "қамқорлығын" көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ, базарларында өз ықпалын жүргізген.

"Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады, - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сол күні полиция күшімен Степногорск қаласында осыған ұқсас ұстау жүргізілді. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы қаланың тұрғындарын бопсалаумен айналысқан жергілікті криминалитеттің қатарынан тұратын топтың жолы кесілді.

"Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау деректері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген деректер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды", - деді Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro