Алматыда BRT құрылысы жалғасып жатыр. Жұмыс бірден бірнеше учаскені және жол бөлігі мен оған жақын аумақтарды да қамтиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:
- Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы);
- Розыбакиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы);
- Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін;
- Байзақов көшесінен Галилейге дейін;
- Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы);
- Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы);
- Панфилов көшесінен Абылай ханға және Чайковскийден Желтоқсан көшесіне дейін.
Не істеледі?
- Ескі асфальт жабындысын алу;
- Жаяу жүргіншілер жолының плиткалары мен жиектастарды орнату;
- Демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салу;
- Аумақтарды көгалдандыру.
"Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!