Алматыда қай көшелерде BRT құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қай көшелерде BRT құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр? Фото:depositphotos.com

Алматыда BRT құрылысы жалғасып жатыр. Жұмыс бірден бірнеше учаскені және жол бөлігі мен оған жақын аумақтарды да қамтиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда BRT құрылысы жалғасып жатыр. Жұмыс бірден бірнеше учаскені және жол бөлігі мен оған жақын аумақтарды да қамтиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:

  • Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы);
  • Розыбакиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы);
  • Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін;
  • Байзақов көшесінен Галилейге дейін;
  • Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы);
  • Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы);
  • Панфилов көшесінен Абылай ханға және Чайковскийден Желтоқсан көшесіне дейін.

Не істеледі?

  • Ескі асфальт жабындысын алу;
  • Жаяу жүргіншілер жолының плиткалары мен жиектастарды орнату;
  • Демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салу;
  • Аумақтарды көгалдандыру.

"Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +24
Ақтау +24
Ақтөбе +22
Атырау +27
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +24
П
Павлодар +23
Петропавл +26
С
Семей +20
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +21
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер