23 мамыр 2014 | 19:25

Алматыда Қазақстанның бірінші қорғаныс министріне ескерткіш орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағадат Нұрмағанбетов. ©grantum.kz Сағадат Нұрмағанбетов. ©grantum.kz

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы көшелердің бірін Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың атымен атауды ұсынды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы көшелердің бірін Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың атымен атауды ұсынды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

Қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеп отырғандай әкім мұндай ұсынысты Сағадат Нұрмағанбетовтың 90 жылдығына байланысты өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтқан. Сондай-ақ әкім қаладағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағынан генералға ескерткіш орнату туралы да ұсынысын білдірді.

Бұған қоса конференцияда Сағадат Нұрмағанбетовтің өмірі мен оның әскери саладағы жеткен жетістіктерін баяндайтын кітаптың таныстырылымы да болып өтті.

Сағадат Нұрмағанбетов 2013 жылы 23 қыркүйекте 90 жасқа қараған шағында өмірден өткен болатын.  Ол 1924 жылы 25 мамырда дүниеге келген.  1942 жылы мектеп партасынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сәуір айынан бастап Ұлы Отан соғысының майдандарында болды. Украина, Молдова, Беларусь және Польша елдерін азат етуге қатысты.

1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы батылдықпен орындап ерлік көрсеткені үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Сағадат Нұрмағамбетовтің батальоны Гитлердің рейхсканцеляриясына шабуыл жасады. Жеңістен кейін батальонның жеке құрамы мемлекеттік маңызы бар нысандарда күзету жөніндегі тапсырмаларды орындады.

1989 жылы округ тараған соң Қазақ Республикасы соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Комитеті ардагерлер мен Қарулы Күштер мүгедектері істері төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 

1994 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған Халық Қаһарманы атағы мен № 1 "Алтын Жұлдыз" табыс етілді.

1999 жылы Астанадағы мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен айналысатын орта жалпы білім беру оқу орны "Жас ұлан" мектебі Сағадат Нұрмағанбетовтің атымен аталды.

Өткен жылы оның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети