Қазақстанның медициналық қоғамының өкілдері, саяси қайраткерлер, студенттер, Айқан Ақановтың жақындары мен достары онымен қоштасу рәсіміне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қоштасу рәсімі Concordia театрында өтті.
Қазақстанның медициналық қоғамының өкілдері, саяси қайраткерлер, студенттер, Айқан Ақановтың жақындары мен достары онымен қоштасу рәсіміне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қоштасу рәсімі Concordia театрында өтті.
ҚР денсаулық және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртановтің айтуынша, Ақанов кезінде болашақта керек болатын бірнеше өзекті идея ұсынған екен. "Біз бұл идеяларды жүзеге асыруымыз қажет. Мен барлығымызға батылдық тілеймін, жастарға айтарым Айқан Ақанов сияқты өмір сүріп, елміздің азаматы болып, патриот болайық, өзімізді барынша көрсетейік. Бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Біз осындай адамдарды үлгі етуіміз қажет, есте сақтауымыз қажет", - деді Біртанов.
Қоштасу рәсімінде ҚР бұрынғы білім министрі Бақытжан Жұмағұлов та сөз сөйледі. "8 жыл бұрын министр қызметінде болғанда, мен осы университетте сөз сөйлейтінмін. Сонда мен былай дедім: "Университетке жақсы болды. Сендерге жақсы ректор келді". Ол өз білімінің арқасында осы университетті дамытты. Айқан Ақановтың есімі Қазақстан тарихынан ешқашан кетпейді. Оның жетістіктері ешқашан ұмытылмайды", - деді ол.
Академик Төрегелді Шарманов жақында ғана Ақановпен әңгімелесіп, алдағы конференцияның жоспарларын талқылағанын еске алды. "Мен сендермен бірге жылаймын. Ол құдай алдында адал адам. Осындай тұлға бізді тастап кетті. Енді оның жоқтығы өкінішті. Қош бол, Айқан", - деді Шарманов.
Еске салайық, Ақанов 30 мамыр күні 65 жасында дүниеден озды. Оның қайтыс болуына ұстамалы жүрек ауруы себеп болған екен. Ол жоғары оқу орнын 2008-2016 жылдар аралығында басқарды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақанов медицина университетін басқаруды жоғарғы оқу орны үшін ауыр кезеңде қолына алған. Ал 2016 жылы жағдай керісінше өзгереді. Жоғары оқу орнында барлық сала бойынша қызметтерді модернизациялау жүргізіліп, қаржы мәселелері шешіліп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылыпты. Университет Кеден одағы елдерінің үздік 35 жоғары оқу орнының тізіміне кірді. 2014 жылғы Университеттердің ұлттық рейтингі бойынша, ҚазҰМУ елдегі мединицалық жоғары оқу орындарының арасында үздік болды.
Қоштасу рәсімі кезінде © Әлішер Ахметов
Ақанов жоғары оқу орнын басқармастан бұрын 2004-2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі болып қызмет атқарды. Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994), ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Мәдениет қайраткері". 1974 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген ол сол жылы Текелі қаласындағы №1 медициналық-санитарлық бөлімшеде дәрігер-ординатор болып еңбек жолын бастаған. 1978 жылы Кардиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі болды. 1984 жылы Алматы шет тілдері институтын (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған, 1992 жылы "Эпидемиология, профилактика основных хронических инфекционных заболеваний среди сельских жителей Казахстана" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол 1951 жылы 28 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылында дүниеге келген.