Алматыда ҚазҰПУ жылжымайтын мүлкін заңсыз сату схемасы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚазҰПУ жылжымайтын мүлкін заңсыз сату схемасы әшкере болды Фото: 2gis.kz

Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ ұлттық университетіне оқу корпустары мен стадионын қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ ұлттық университетіне оқу корпустары мен стадионын қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Медеу ауданының прокуратурасы "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің" мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады.

"Оқу және тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттықты өткізбей және бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан.

Бірақта ғимараттардың бірі кейіннен бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар спортты бірлесіп дамытамыз деген көз-бояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген. 5 жыл бойы футбол алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланған, ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі болмаған.

"Медеу ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен, мүлік объектілері ұлттық университетке қайтарылды", -делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети