Алматыда ҚБТУ ғимаратындағы өрт: студенттер қалай оқиды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚБТУ ғимаратындағы өрт: студенттер қалай оқиды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) студенттері ғимаратта болған өртке байланысты онлайн оқуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) студенттері ғимаратта болған өртке байланысты онлайн оқуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқиғаға байланысты оқу процесі 20 қаңтарға дейін уақытша онлайн форматқа ауыстырылды", – деп хабарлады Қазақстан-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметі.

ҚБТУ өкілдері қазіргі уақытта оқиға себептерін анықтау үшін құзырлы органдармен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Ғимараттың өртке қарсы жүйелері уақытында іске қосылып, оттың таралуын болдырмауға және шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр", – деп қосты университет өкілдері.

ҚБТУ ғимаратындағы өрт

11 қаңтар кешкісін Алматыда төтенше жағдайлар қызметі ҚБТУ ғимаратындағы өртке байланысты Астана алаңын (Ескі алаң) жауып тастады. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметінше, "Төле би көшесіндегі ғимаратта төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе өртенген".

Куәгерлер редакцияға оқиға орнынан фото және видео жіберді. Кадрларда ҚБТУ ғимаратының төбесінен қою түтін көтеріліп жатқанын көруге болады.

Кейін Алматы ТЖД бастығының орынбасары Чайзада Багдат ҚБТУ ғимаратындағы өрт үшінші деңгейлі деп бағаланғанын айтты.

"Шатыр жанып жатыр. Жасырын жану ошақтары бар. Үш автосаты орналастырылды, өрт гидранты қосылды. Әзірге өрт оқшауланған жоқ", – деді Алматы ТЖД бастығының орынбасары.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Алматы ТЖД-ның 78 өрт сөндірушісі мен 28 техника бірлігі жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети