Алматыда кейбір аймақтарға ескі көліктермен кіру ақылы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кейбір аймақтарға ескі көліктермен кіру ақылы болуы мүмкін Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда шығарындылары төмен эко-аймақтар құру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шығарындылары төмен эко-аймақтар құру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Әкім Ерболат Досаев 2025–2027 жылдарға арналған бағдарлама аясында қаладағы өнеркәсіптік шығарындыларды азайту және көлік секторын реттеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Осы мақсатта тұрақ бағасын көтеру және шығарындылары төмен аймақтарды (Low-emission zone) құру көзделген. Экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктер үшін бұл аймақтарға кіру ақылы болады. Ал электромобильдер мен экологиялық таза көліктерге шектеу қойылмайды. Бұл мәселе Қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылады", - делінген хабарлмада.

Сонымен қатар, әкім жерасты және жерүсті жылдам қоғамдық көлігін дамыту, сондай-ақ көлік-алмастыру тораптарын салу арқылы қалалық мобильділікті жақсарту қажеттігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети