Алматыда кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

1 маусымнан бастап Алатау, Бостандық және Алмалы аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл ретте Әуезов және Медеу аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс кестесіне (жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін) ауысады.

Енді алматылықтар мемлекеттік қызметтерді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша ала алады:

  • Алатау ауданы, Нұркент шағынауданы, 5/17;
  • Бостандық ауданы, Алмагүл шағынауданы, Ходжанова көшесі, 9А;
  • Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 221.

Бұл ретте кезекші арнаулы ХҚКО мекенжайлары өзгеріссіз қалады:

  • № 1 арнаулы ХҚКО, Алатау ауданы, Саялы шағынауданы, Аққайнар көшесі, 1;
  • №4 арнаулы ХҚКО, Жетісу ауданы, Камел шағынауданы, Ақсуат көшесі, 118.

Кезекші мамандар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағта 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбіде 13:00-ге дейін қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети