23 мамыр 2021 18:11

Алматыда кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі берілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kinopark - Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына танымал қазақстандық актердің есімін беруді ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Kinopark - Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына танымал қазақстандық актердің есімін беруді ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Фархаттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің формамызды мақтанышпен киіп, компанияның кез келген іс-шарасын әрдайым қолдап келді. Өз кезегінде, біз осы тамаша адам туралы естелікті сақтап, Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қосқан баға жетпес үлесін ұмытпағанын қалаймыз. Сондықтан ойымызға Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімін беру және кіреберісте оның қола мүсінін орнату идеясы келді" - деді Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директоры.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тиісті қызметтер бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, мүмкіндік болған жағдайда компания бірден идеяны жүзеге асыруға кіріседі.

Еске салайық, Фархат Әбдірайымов 20 мамырда Грузияда қайтыс болды, онда ол жаңа жобаның түсірілімінде болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети