02 наурыз 2017 16:14

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары әлі күнге жаңа пәтер алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Алғабас ауданындағы қисайып қалған үй тұрғындарының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Алғабас ауданындағы қисайып қалған үй тұрғындарының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпқабатты үйдің тұрғындарының бірі Күләш Абылаева өзінің және өзге тұрғындардың әлі күнге дейін жаңа салынған үйге көшіп бара алмай отырғанын айтып берді. 82 жастағы зейнеткердің айтуынша, пәтер иелеріне желтоқсанның ортасында және 2017 жылдың 1 наурызында жаңа баспана берілетіні айтылған.

"Кеше, 1 наурызда қисайып қалған үйдің маңында жиналыс болды. Сол жаққа Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, "Астана құрылыс" фирмасының президенті және біз, пәтер иелері бардық. Жаңадан салынған үй жеке деп, сондықтан ескі үйге айырбастап бере алмайтындарын айтты. Ал біз қисайып қалған үйімізді мемлекеттік бағдарламамен алғанбыз. Құрылыс компаниясындағылар қазір біз тұрып жатқан үйдің наурыз айының жалға алу құнын төлеп қойғанын айтты. Бірақ жиында аудан әкімі компания президентіне екі апта уақыт берді. Компания басшысы осы мерзім ішінде қанша тұрғынның қисайған үйде қалатынын және қанша тұрғынның жаңа үйге көшетінін анықтауы қажет", - деді Күләш Абылаева. 

Абылаева пәтерін мемлекеттік бағдарлама арқылы 14 жыл бойы кезекте тұрғаннан кейін алғанын айтып отыр. 2015 жылдың қыркүйегінде олар Алғабас ықшамауданындағы пәтерге көшіп келген, ал тоғыз айдан кейін үй қисайып, олар көшіп кетуге мәжбүр болған. Бастапқыда оларға арналып салынатын жаңа үйге алты ай ішінде көшіруге уәде берілген екен.

"Алайда сол күннен бері 10 ай өтті. Әлі күнге дейін көшіп бара алмай отырмыз, өте қиын. Дала кезіп жүрміз. Көзім нашар көреді, 4 сәуірде ота жасатамын. Қозғалуым қиын, немереммен және кенже қызыммен бірге тұрып жатырмын. Үйде бес баласы бар", - деді егде жастағы әйел.

Алатау ауданының әкімі осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Бағдат Манзоровтың айтуынша, Алғабастағы көпқабатты үйдің тұрғындарына жаңа үй салынып қойған және пайдалануға берілген. Алайда сол үйге тұрғындарды көшіру заң тұрғысында мүмкін болмай отыр.

 "Біз қазір құрылыс компаниясымен жұмыс істеп жатырмыз, олар адамдарды жаңа үйге тезірек көшіруі керек. Кейбір тұрғындар қисайып қалған үйге көшіп барғысы келеді. Ол толықтай жөнделді, сейсмикалық жағынан жарамды деген құжат та бар. Мұнда мәселе мынада - егер осы қисайып қалған үй апат жағдайында болса, тұрғындары сол жақтағы басқа үйге еш қиындықсыз көшіп бара алар еді. Бірақ қисайған үй апат жағдайында емес болғандықтан, тұрғындар пәтерін тек соттың шешімімен алмастыра алады. Біз, әкімдік пәтерлерін өз бетімізбен ауыстырып бере алмаймыз. Қисайып қалған үй мемлекеттің мүлкі, ал жаңа салынған үй "Астана құрылыс" деген жеке компанияның үйі. Осындай қиындықтар пайда болды. Кейбір тұрғындар ескі үйде қала бергісі келеді, кейбірі көшкісі келеді. Қазір нақты санын анықтап жатырмыз", - деді Манзоров. 

"Алғабас-6" ықшамауданындағы қисайған үй. Оқырман жолдаған сурет. 02.06.2016.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети