09 қараша 2021 | 11:21

Алматыда қоғам белсендісі жалған ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді анықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда ресейлік мемлекеттік нөмірлермен жүрген кейбір көліктер ресейлік жол полициясының  деректер базасына сәйкес келмейді. Мұны "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясының басшысы Арсен Шакуов анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ресейлік мемлекеттік нөмірлермен жүрген кейбір көліктер ресейлік жол полициясының  деректер базасына сәйкес келмейді. Мұны "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясының басшысы Арсен Шакуов анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бірнеше көлікті ресейлік көлік құралының есепке алу базасынан тексеріп, мемлекеттік нөмір сәйкес келмейтінін немесе МТНБ есебінен шыққанын анықтаған.

"Мысалы, жолда Тойота Эстиманы көрдім, мемлекеттік нөмірі м809мс102, бірақ жол полициясы деректер базасынан тексерсем, бұл нөмір УАЗ маркалы автокөлігіне тіркелген екен, келесі көлік Тойота Прадо болды мемлекеттік нөмірі с116ма06, ал бұл нөмір есептен шығарылған Ауди А6 маркалы автокөлігіне тіркелген", - деп жазды Шакуов Facebook-тағы парақшасында.

"Қалада ресейлік нөмірлермен жүрген көліктерді суретке түсіре бастадым. Бес машинаның екеуінде осындай жағдай, біреуінде басқа нөмір, екіншісі есептен шыққан. Егер көлік ұрланып, техникалық паспорты қолдан жасалса, Қазақстанда оны айдай береді. Мұнда қазақстандық полицейлер оны тексере алмайды, өйткені олар ресейлік базаны қарай алмайды. Мәселенің бәрі осыдан шығып отыр", - деді Арсен Шакуов.

"Бұл - азаматтардың жеке мәселелерінен туындаған және мемлекетаралық мәселеге айналған жағдай. Бұл мәселені шешудің маңызды жолдарының бірі - Еуразиялық одақ аясында ресейлік көліктерді есепке алу базасын қазақстандық базамен біріктіру, интеграциялау. Еуропадағы сияқты бір база болу үшін. Мысалы, Берлин полициясы Францияда тіркелген көлікті тексере алады. ЕАЭО шеңберінде осы базаларды біріктіре аламыз. Бұл болашақта осындай мәселелердің алдын алуға көмектеседі", - деді "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының басшысы Арсен Шакуов.

ІІМ мәліметінше, Қазақстан аумағында жүрген  88 мың ресейлік тіркеуде тұрған көлік Ресей Федерациясының ІІМ есебінде тұрмайды. Яғни, олар белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе Қазақстан азаматтарына сатылған, содан кейін олардың иелері - Ресей азаматтары тіркелген жері бойынша есептен шығарған. Кейбір көліктер ұрланған болып шықты.

Еске салайық, бұған дейін полиция Ресейде есептен шығарылған көліктерді тұраққа қоя бастаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети