01 шілде 2024 | 11:54

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын көтеру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын көтеру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 20 теңгеге көтерілуі мүмкін. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін "Ашық НҚА" жарияланды.

Қалалық мобилділік басқармасы өкілдері 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге өскенін айты. Қазір Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге.

Ведомство өкілдері биыл қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін айтты. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсіп жатыр. 2023 жылы 68,7 миллиард теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды сомасы 97,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өсіп отырады, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін.

"Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ, жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейтінін бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50 пайызы болады", - деп жазылған басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Бұл автобус жүргізушісіне көлік құралын басқаруға және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети