Алматыда қожайыны итті аяусыз сабаған сәт видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны лифт алдында итті аяусыз сабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны лифт алдында итті аяусыз сабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жануарды соққының астына алып жатқан сәттің видеосын Facebook қолданушысы жариялады. Кадрлардан ер адам иттің басынан бірнеше рет тепкенін көруге болады. Иттің өзі ер адамды қаппайды. Жазба авторының айтуынша, оқиға "Асыл Тау" тұрғын үй кешенінде болған.  

Бұл істің мән-жайын білу үшін оқиға орнына полицейлер барған. Кейін Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахмановтың Facebook желісіндегі парақшасында итті сабаған ер адамның кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Рустам Әбдірахманов жануарға қатыгездік көрсеткені үшін 1999 жылы туған Жарқын Сұңқар ұсталғанын атап өтті. Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары ол кешірім сұраумен жауапкершіліктен құтылмайтынын түсіндірді.

"Бүгін, 26 қарашада Instagram және Facebook желісінде жарияланған жазбада бізді белгіледі. Бұл жазба тұрғындар арасында қызу талқыланды. Құқық бұзушылық желіде жария болып, тұрғындардың наразылығын тудырған жағдайда тәртіп бұзушылар көпшілік алдында кешірім сұрайды. Кешірім сұрау видеосы жарияланғаннан кейін тергеу жалғасады, ал тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады", - деп жазды Рустам Әбдірахманов. 

Полиция мәліметінше, қожайынынан тартып алынған ит Retrivery Help Almaty қорына берілген. Қордағылардың мәлімдеуінше, ит бір аяғын ақсап басады. Оған енді кинолог қарайды, кейін итті қайырымды жандарға береді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети