Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты СГЯ №27 2015 жылдың 15 маусымынан бастап ескертеді! 2015 жылдың 15 маусым күні жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуіне байланысты, Алматы облысының тау баурайларындағы өзендерінде су деңгейінің көтеріліп, жаңбырлы судың тасу қауіпі бар", - деп хабарлады департамент өкілдері.
Осыған байланысты Алматы қаласының тұрғындарынан, қонақтары мен туристерінен таулы аймақтарға сапар шекпеу және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сұралды.
Еске салайық, осыған дейін 14 маусымда Қазақстанның барлық аумағында Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан суық атмосфералық фронт келетіні хабарланған болатын. "Республиканың көптеген облыстарында демалыс күндері және келесі аптаның басында найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде бұршақ өтеді, солтүстік-батыс жел жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді", - делінді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің өкілдері.