28 қараша 2014 16:19

Алматыда "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша 400 отбасы жаңа пәтер алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Айбек Сұлтанғазиев ©Айбек Сұлтанғазиев

Алматыда "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша 400 отбасы жаңа пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Пәтерлердің кілтін мегаполис әкімі Ахметжан Есімов табыстады.


Алматыда "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша 400 отбасы жаңа пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Пәтерлердің кілтін мегаполис әкімі Ахметжан Есімов табыстады.

Қала басшысының айтуынша, жаңа баспана бірінші кезекте әлеуметтік сала жұмысшыларына, мүгедектерге, жетімдерге, көпбалалы ата-аналарға, ардагерлер мен интернационал жауынгерлеріне берілді. "Алғабас" шағын ауданында "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша соғылған пәтерлердің жалпы көлемі - алты мың шаршы метр. Бұл пәтерлер көшіп кіруге дайын, барлық коммуникациялық құралдар жүргізілген. Үйлердің құрылысына 720 миллион теңге жұмсалыпты. Бұл - 15 жыл ішінде отбасылардың жекелігіне өтетін жалға берілген баспаналар. 

Пәтерлердің біріне ие болған Олжас Уәлиев баспана үшін кезекте алты жыл, яғни 2008 жылдан бері тұрғанын айтты. Оның отбасында балаларын қосқанда төрт адам бар. Баспана алған уақытқа дейін олар пәтер жалдап келген. Отбасы барлық құжаттарды рәсімдеп алған соң жақын күндері қоныстой жасамақшы. 

Осыған дейін Есімов қалада "Қолжетімді баспана" бағдарламасымен қатар, құлайын деп тұрған үйлерді бұзып, ол жердегі азаматтарды жаңа пәтерге көшіру жобасы жасалып жатқанын айтқан еді. Есімовтің айтуынша, бұл үшін әкімдік бағдарламаға 10 миллиард теңге бөлген "Бәйтерек" қорымен келісімшартқа отырды. 5 миллиард теңгені қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны бөлді, сонымен бірге құнды қағаздардың шығуы есебінен тағы да 5 миллиард теңге беріледі. "Жалпы алғанда, шамамен 20 миллиард теңге бар. Бұл қайта келетін ақша және ол құрылысқа жұмсалады", - деді әкім. Содан кейін әкім тозығы жеткен үйін босатқан қалалықтарға жаңа пәтер кілтін табыстап, оларды жаңа пәтерге қоныстануымен құттықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети