14 қазан 2018 10:53

Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер көлік айналарын ұрлаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда полицейлер көлік айналарын ұрлаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш ер адамнан тұратын қылмыстық топ 13 қазанда таңертең ұсталған.

"Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласында тұрған автокөліктердің айнасы ұрланған. Осыған байланысты жүргізілген жедел және арнайы шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталды. Ұрлық өткен демалыста жасалған", - деді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Полицейлердің айтуынша, күдіктілердің бірі Өзбекстан азаматы, екіншісі - Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғыны, ол бұрындары ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық топтың тағы бір мүшесі - Car City сауда үйінде автобөлшек сатушы.

"Үшінші адамның рөлі - алып-сатарлық. Бүгінгі таңда бөлшек сауда нүктесіндегі тексеріс барысында 16 жұп автомобиль айнасы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Бұл факт олардың ұрлықпен тұрақты айналысатынын және кем дегенде 16 ұқсас жағдайға қатысы бар екенін сипаттайды", - деді Есен Ысқақов.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде жедел-тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктілердің жеке басы туралы ақпарат басқа да полиция бөлімшелерінде тексеріледі, оның ішінде өзге ұрлыққа қатысы бар немесе жоқтығы анықталады. Бұдан басқа, жақын арада тергеуге дейінгі кезеңде ұсталғандарға қатысты алдын-ала шараларын таңдау мәселесі шешіледі: олар қазір түсінік беріп жатыр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

????Джекпот, Это пздц товарищи ????‍♂️????‍♂️????‍♂️ Жандосова/Гагарина

Публикация от @kris_p_almaty Official ???????????????? (@kris_p_almaty)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети