Алматыда көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Күннің суытуына байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Себебі алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Күннің суытуына байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Себебі алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Қалада көктайғаққа қарсы шараларға 800-ден астам техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылған. Алматыда 14 қазаннан бастап жауын-шашын түсе бастады, арагідік жаңбыр жауады. "Қазгидромет" РМК-ның болжауынша, ертең, 17 қазанда қар жаууы мүмкін. Ауа райының суытуына байланысты ауа температурасы төмендеп, көктайғақтың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарда көлік иелері қауіпсіздік үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн.

Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалған.

Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көлік арақашықтығын сақтап, шұғыл бұрылмауы керек, өйткені апат қаупі жоғарылайды. Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro