Алматыда көлік жуу орны бұзылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, сот шешімі бойынша Жуков көшесі мен Затаевич көшесі қиылысындағы нысан сүрілген. Жеке тұлға рұқсатсыз көлік жуу орнын салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы 14 қарашада басқарма Алматы қаласы Медеу аудандық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз жолдаған, содан кейін сот процесі басталған. Нәтижесінде талап арыз қанағаттандырылып, апелляциялық сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

"Бұл іс Әділет департаментіне жолданып, 2024 жылғы 2 шілдеде атқарушылық іс жүргізу басталды. Кеше сот орындаушыларымен бірге ғимарат сүрілді", - деп жазылған хабарламада.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бері қалада 75 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. нысандар сүрілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети