Алматыда көлік көпірден құлап кетті: екі жолаушы ауыр жағдайда жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік көпірден құлап кетті: екі жолаушы ауыр жағдайда жатыр

Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап бірнеше адам зардап шекті, екі адамның жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, апат салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілген.

"Төрт зардап шегуші бас сүйек-ми жарақаттарымен, әртүрлі дәрежедегі сынықтармен және көгерулермен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген көмектен кейін олардың біреуі тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емделуге жіберілді, үшеуі ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы алған жарақаттарына байланысты ауыр деп бағаланып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген бір науқас нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайы орташа ауыр.

"Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді", - деп қосты Алматы денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети