Алматыда колледж студенттері бахила сатып алу талабына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда колледж студенттері бахила сатып алу талабына шағымданды Фото:depositphotos.com

Алматыдағы педагогикалық колледж студенті оқу орны ғимаратына кіру үшін міндетті түрде бахила сатып алуға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы педагогикалық колледж студенті оқу орны ғимаратына кіру үшін міндетті түрде бахила сатып алуға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның WhatsApp нөміріне №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі студенті хабарласып, колледжде тазалықты сақтау міндеті студенттерге жүктелгенін мәлімдеді. Колледжде бахила сатып алу талабы техникалық қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты екені айтылған. Оның айтуынша, бір жұп бахила бағасы 30 теңге болады.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде Алматы әкімдігі колледж өкілдерінің пікірін ұсынды. Онда "Білім туралы" заңның 34-бабына сәйкес "№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі "КМКҚ ішкі тәртіп ережелеріне тазалықты сақтау және күз-қыс мезгілінде ауыстыратын аяқ киім пайдалану талабы енгізілгені айтылған.

Колледжде кураторлық сағаттар кезінде бахиланы ауыстыратын аяқ киім ретінде пайдалану ұсынылып, студенттермен келісілгенін нақтылады.

"Қазіргі уақытта студенттерден ауыстыратын аяқ киім кию және бахила кию талап етілмейді. Техникалық қызметкерлерге, атап айтқанда, ғимарат тазалаушыларына студенттер жүргеннен кейін еденді уақытылы әрі жиі жуу кестесі бекітілді", – деп хабарлады колледж өкілдері.

Оқу орны алдағы уақытта студенттерді ауыстыратын аяқ киім мен бахила мәселесімен мазаламауға міндеттенетінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети