20 маусым 2024 | 11:12

Алматыда коммуналдық қызмет бойынша борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда қарызы бар тұрғындардың пәтерінде ыстық су өшіріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қарызы бар тұрғындардың пәтерінде ыстық су өшіріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап.

Алматының коммуналдық қызметі жылудың ақшасын төлемеген тұрғындардан сот арқылы қарызын өндіріп, толық өтелгенше пәтеріндегі ыстық суын өшірмек. Қазірдің өзінде ыстық су мен жылудың қарызы шамамен 2,1 миллиард теңгеге жетті.

"Енді күн сайын "Алматы жылу жүйесіне" қарыз бар ондаған борышкер ыстық судан қағылады. Айта кететін нәрсе, екі және одан да көп ай бойы төленбесе, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу туралы хабарлама алады. Егер борышкер сонда да қарызын жаппаса, шара қолданылып, пәтеріндегі не үйіндегі ыстық суы өшіріледі.

Борышкерлерге ыстық су беруді тоқтату – бұл амалсыз қолданылған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр, өйткені тұтынушылардың жылудың ақысын төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындалуға, қыстан қысылмай шығуға кері әсерін тигізеді", - делінген хабарламада.

Биыл жыл басынан бері Алматыда жылудың ақшасын төлемеген 1610 абоненттің үйіндегі ыстық суы өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылу мен ыстық су үшін төлемеген 1212 тұтынушының активі, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемді уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.

"Сотқа шағым түсіру арқылы пайдаланылған жылу үшін берешекті өндіріп алуда борышкердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, көлік құралын, банктік шотын бұғаттау, республикадан тыс жерге шығуына шектеулер енгізу, қызметтің барлық түрі бойынша лицензиялардың қолданылуын және мемлекеттік органдардан құжат рәсімдеуді тоқтата тұру көзделгенін естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызмет бойынша қарыздың болуы (борышкерлер туралы ақпарат "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ сұрауы бойынша беріледі) несие беру кезінде де ескеріледі", - делінген хабарламада.

Мұндай шаралар қарызды әдейі төлемеушілерге қатысты ғана қолданылады - ыстық суды өшіруден бастап сот арқылы өндіріп алу шарасын қолданып, компания өкілдері оларға міндетті түрде жинақталған қарызы туралы хабарлап отырады және басқа да бірқатар алдын алу шарасын жүргізіп келеді.

Жылу жүйесінің қызметкерлері қарызды өндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын хабарлады. Сондықтан "АлЖЖ" ЖШС азаматтарды қарызын тез арада өтеуге және коммуналдық қызмет үшін төлемді уақытылы төлеуге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети