Алматыда "қоңыр-қызыл" аймақтағы Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды. Ерікті қатысушылар бұл преференцияны пайдалана алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда "қоңыр-қызыл" аймақтағы Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды. Ерікті қатысушылар бұл преференцияны пайдалана алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР БМСД 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне 9 тамыздан бастап сағат 22.00-ге дейін, ал "Ashyq көшбасшысы" мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Эпиджағдайды бағалау матрицасында "қоңыр-қызыл" аймақ ұғымының енгізілуімен көптеген нысанға, соның ішінде Ashyq көшбасшыларына демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл тыйым 16 тамызға дейін сақталатынын нақтылады. Бірақ демалыс емес күндері нысандардың жұмыс істеу кестесі қайта қарастырылды.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Ashyq жобасына белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде адал бизнес субъектілерінің жұмыс режиміне қатысты бірнеше рет сұрақ қойылды. Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында "Атамекен" ҚР ҰКП 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс кестесі бойынша артықшылықтар беру ұсынысымен шықты. Сондай-ақ, кәсіпкерлермен кездесу барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бизнес үшін оны адал болуға ынталандыратын преференциялар жасау керектігін атап айтқан болатын.
"Жұмыс критерийлері, преференциялар мен бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары талқыланған барлық кездесу жемісін берді, бұл, әрине, кері байланыс бар екенін білдіреді. Бүгінгі таңда Алматы бойынша Ashyq жобасының 19450 қатысушысы бар, оның ішінде 11208 нысан - ерікті қатысушы. Демалыс күндері "қоңыр-қызыл" аймақта орналасқан нысандардың жұмыс кестесі туралы сұрақтар саны екі есеге артты. Кәсіпкерлер ҚР БМСД 29 шілдедегі №33 қаулысының мәтінінде жұмыс уақыты екі сағатқа ұзартылатынына аса мән берді. Бірақ қаулының қосымшасында басқа жұмыс кестесі көрсетілген болатын. Келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасының қатысушыларына жұмыс режимі екі сағатқа ұзартылғанын ресми түрде мәлімдейміз", - деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.
Ал жобаның ерікті қатысушылары бұл жеңілдіктерді пайдалана алмайтыны ескертілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!