30 сәуір 2019 09:53

Алматыда көпірде ілінген плакат - Суретші Роман Захаров босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көпірге Конституциядағы сөздер жазылған плакатты ілген суретші Роман Захаров босатылды. Бес күндік әкімшілік қамау түріндегі жаза айыппұлға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда көпірге Конституциядағы сөздер жазылған плакатты ілген суретші Роман Захаров босатылды. Бес күндік әкімшілік қамау түріндегі жаза айыппұлға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"29 сәуірде Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың Роман Захаровқа қатысты шығарған үкімін қарады. Апелляциялық алқадағылар осыған дейін бес күндік әкімшілік қамау түріндегі жазаны әкімшілік айыппұлға өзгертті. Роман Захаров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Сот үкімі заңды күшіне енді", - деп хабарлады соттағылар.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Конституциядағы сөздер келтірілген плакаттың суреттері таралған болатын. Плакаттың авторы Роман Захаров екені анықталған еді. Кейінірек полициядағылар оқиғаның мән-жайын айтып берген еді. 

"Таңғы сағат 6-да Жедел басқарма орталығына тұрғындар хабарласып, әл-Фараби даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында белгісіз ер адамның қағаздар және тағы басқа заттарды лақтырып жүргені жайлы хабарлады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Ер адам өзін ерсі ұстап, құқық бұзуын тоқтатпады. Оның аты-жөнін анықтау үшін полиция жасағы ер адамды Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізді", - деп хабарлаған еді полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети