23 мамыр 2017 | 14:13

Алматыда қорғандардың орнына ашық аспан астындағы музей салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Археолог-өлкетанушы Карл Байпақов Алматыда Розыбакиев көшесі бойындағы сауда орталығы маңындағы ескі қорғанның қалдығына ашық аспан астындағы музей салу туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Археолог-өлкетанушы Карл Байпақов Алматыда Розыбакиев көшесі бойындағы сауда орталығы маңындағы ескі қорғанның қалдығына ашық аспан астындағы музей салу туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әр қаланың бет-бейнесі мұрайжайлар мен театрлар санына қарай анықталады. Біздің балаларымыз бен өзіміз еліміздің тарихын жете білуіміз үшін Алматының ерте тарихымен байланыстыратын мұражайлардың болғаны абзал. Барлық ірі қорғандар - ерекше маңызы мен мәдениеті бар күрделі сәулет кешендері. Олардың басым көпшілігі әлі жасырын қалуда. Көпшілігіңіз көрген шығарсыздар, Розыбакиев көшесі бойындағы сауда орталығы маңында ескі қорғанның қалдығы жатыр, соны неге мұражайға айналдырмасқа", - деді Карл Байпақов.

Бұл ұсынысын ол Алматыда қала әкімінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарлама мақаласынан туындайтын "Туған жер" жобасын жүзеге асыру бойынша қаланың шығармашылық зиялылары, мәслихат депутаттары, бизнес-қоғамдық өкілдері және басқалары қатысқан кеңесте айтты.


© Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі бұл бастаманы қолдап, Розыбакиев көшесі бойындағы ірі сауда орталығына қарсы орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтарудың механизмдерін жасауды тапсырды. Әкім әуежайға барар жолда да ескі қорғандардың сақталып қалғандығын, олардан да ашық аспан астындағы музей ұйымдастыруға болатындығын сөз етті.

"Осындай жер иелері біздің тарихымызды біліп қана қоймай, құрметтеулері де тиіс деп ойлаймын. Кейде тарихымыз жойылып, рухани, мәдени және экономикалық зардаптарға тап боламыз. Әрине, асфальт төсеп, бірдеңе тұрғызуға болар, бірақ мәні жоғары мұндай жерлерді қалаға қайтарса, оның берер рухани пайдасы мол әрі "Туған жер" бағдарламасы аясындағы қайырымдылық болар еді", - деп атап өтті Байбек.

Алматы әкімі қайырымыдылық пен меценаттықтың алматылықтар үшін дәстүрге айналғандығын жеткізді. Кәсіпкерлер әлеуметтік нысандарды салуға, маңызды әлеуметтік шараларды өткізуге белсенді түрде араласып, қайырымдылық көмектерді де жиі көрсетіп жатыр.

"Біз қазіргі кезде қалаға қосылған Наурызбай ауданында электрмен қамтамасыз ету нысандарын қайта жасаудамыз.Бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, біздің құрылтайшымыз өз қаржысы есебінен жалпы құны 1,3 миллиард теңге болатын 500 орынды емхана салу жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі кезде емханаға қажет заманауи технологиялық қондырғылар алынуда. Бұл біздің қала инфрақұрылымын дамытуға қосқан шағын үлесіміз», - деді "Завод Электрокабель" ЖШС директоры Борис Артеменко.

Алматыда "Туған жер" бағдарламасы аясында болашақта мектептерде "Туған өлке тарихы" сабақтарын өткізу, ескерткіштерді өңдеу, қала инфрақұрылымын жақсарту жөнінде әлеуметтік жобалар тізімін жасау, әлеуметтік нысандарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жекелеген адамдарға материалдық көмек көрсету, "Таза көше" және "Таза аудан" акцияларын өткізу, туристік карта жасау, жас тарихшылар слетін, жас өлкетанушылар форумын өткізу және басқа да өрелі істерді жүзеге асыру жоспарланған. Бұлардан өзге, осы іске қызығушылық танытқандардың жеке ұсыныс-пікірлерін білдіруі үшін краудсорсингті онлайн-платформа ұйымдастырылады, сонымен қатар қалалық телеарнада мәдени - ағартушылық, тарихи "Туған жер" реалити- шоуы жасалады.

Айта кетейік, бүгінде бизнес арқылы жалпы құны 12 миллиард теңгеден асатын 20-дан астам ірі әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Наурызбай ауданында құны 1,8 миллиард теңге болатын 1200 орынды мектеп, Алатау ауданында құны 320 миллион теңге болатын 120 орынды бала бақша салынуда. Осы ауданда жыл аяғына дейін 400 миллион теңгенің жеңілатлетикалық стадионы пайдалануға беріледі. Жалпы, спорт саласына бюджеттен тыс 8 ммиллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. Қазіргі кезде Қарғалы өзенінің айналасында жалпы құны 110 млн. теңге болатын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы екі жылдың ішінде ғана демеушілік қаржыға 100-ден астам балалардың спорт алаңдары мен 10 балабақша салынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети