24 шілде 2021 | 14:14

Алматыда коронавирус жұқтыратын негізгі орындар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері журналистермен онлайн-брифингте қалада коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитария дәрігері журналистермен онлайн-брифингте қалада коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұқтыру орындары бойынша сауда нысандарына назар аудару керек деп айтқым келеді. Ол жерлерде науқастардың 40 пайызы жұқтырған.

Сондай-ақ, базарларды да атап өткім келеді. Онда 16 пайызы жұқтырған. Отбасында байланыста болғандар да бар. Біз жас ұрпақ вирус жұқтыратынын және оларда ауру симптомсыз өтетінін бірнеше рет айттық. Олар үйде вирус ошағын жасайды, сөйтіп балалар мен ата-аналарға жұқтырады.

Бүгінгі таңда бізде сауда және ойын-сауық орталықтары мен ойын-сауық орталықтарына, сондай-ақ гипермаркеттерде ауру жұқтыру деңгейі жоғары. Сондай-ақ, біз әлеуметтік-экономикалық нысандарда Ashyq жүйесін қарқынды енгізіп жатқанымызды атап өткім келеді", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, бас санитария дәрігері Алматыда балалар арасында аурушаңдық өскенін атап өтті.

"Өткен жылдың барлық кезеңінде 281 науқас оқушы болса, биыл - 5 700 бала. Оқушылар демалыста екені түсінікті. Бірақ балалар қауіпсіздігін сақтап, олардың адамдар көп жиналатын жерлерге баруын шектеу керек.

Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі 200-ге жуық баладан коронавирус анықталды", - деді Жандарбек Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети