Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз аурудан айықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз аурудан айықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыз бүгін, 28 наурызда Алматыдағы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылған.
"Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті", - деп хабарлады дәрігерлер.
Еске салайық, қыз 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген болатын. Экипажды қоса алғанда барлық борт оқшауланған.
Нәтижесінде, бұл - бүгінде стационардан шыққан үшінші науқас.
Барлық босатылған науқасклиниканың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен үйге 14 күндік карантинге жіберілді.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 208-ге жетті, 15 адам айығып, бір адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!