Алматыда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы нашарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы нашарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.
"Бүгіне 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы - орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде", - деді Әбілдаев.
Екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.
"2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті", - деді алматылық дәрігерлер.
Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. "20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді", - делінген еді хабарламада.