Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы не белгілі?

Алматыда коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен 29 адамның екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды. Олардың біріншісі - 1985 жылғы ер адам, ол 19 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Екінші науқас басқа науқастан жұқтырған, ол Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екені айтылады.

Қазақстанда коронавирус қаупі жоғары аймақтардың картасы жарияланды

"Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында 29 науқас жатыр. Олардың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, қалғандарының жағдайы - қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 67 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети